Оқиға

Астанада «Елорда құрылыс» компаниясының бөлім басшысы сотталды

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты алқабилердің қатысуымен «Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС бөлім басшысы Б.Базарбекке қатысты үкім шығарды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Ол Астана қаласында көппәтерлі тұрғын үй кешенін салу шарты бойынша аванс төлегені және сметаны ұлғайтқаны үшін «Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС басшылығы үшін мердігерлік ұйым директорының 103 млн теңге сомасында алаяқтық жасағаны және пара беруге итермелегені үшін кінәлі деп танылды», - делінген Антикор хабарламасында.

Б.Базарбек 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрқайсысы кінәсіз деп есептеледі.