Астанада экстремистік ұйымды қаржыландырған азамат сотталды
Сәбиге қандай есім берілгенін әншінің күйеуі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлады Elorda.info.
Астана қалалық сотының хабарлауынша, сотталушы елімізде тыйым салынған «Қазақстанның демократиялық таңдауы» экстремистік ұйымының жақтаушысы бола отырып, оның көшбасшысымен және шетелдік штабымен байланыс орнатқан.
Сонымен қатар олардан Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылымын күштеп өзгерту мақсатын көздейтін тапсырмалар мен нұсқаулар алған.
Шетелде жасырынып жүрген «ҚДТ» штабының үйлестірушісімен алдын ала сөз байласып, экстремистік қызметті жүзеге асыру үшін пайдаланылатынын біле тұра, қаржылық, ақпараттық және өзге де қызметтерді ұйымдастырған.
Сот үкімімен ҚК 258-бабы 2-бөлігі және 405-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды және қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, қоғамдық-саяси қызметпен, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары мен телекоммуникация желілерін пайдалану құқығынан 3 жыл мерзімге айырылды, - деп көрсетті қалалық соттың баспасөз қызметі.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.