Астанада дүкен өртеніп, бірнеше адам ауруханаға түсті
Астананың Сарыарқа ауданында орналасқан дүкендердің бірінен өрт шықты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Тілендиева көшесі бойындағы дәмханаға жапсарлас салынған автоаксессуарлар дүкені өртенді. Өрттің аумағы 60 шаршы метрді құрады. ТЖМ құтқарушылары өрттен бір газ баллонын қауіпсіз аймаққа шығарды», - деп көрсетті ТЖМ баспасөз қызметі.
Қаріз оқиғаның себептері анықталып жатыр. Өрттен зардап шеккен дүкен қызметкері ауруханаға жатқызылды.