Астанада бірнеше алаяқтыққа қатысы бар күдікті анықталды
Астанада полиция қызметкерлері азаматтарды алдап, ірі көлемде залал келтірген 34 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Тергеу мәліметінше, күдікті Toyota Estima көлігін бөліп төлеу арқылы сатып аламын деп жәбірленушінің сеніміне кірген. Ол көлікті заңсыз иемденіп, кейін үшінші тұлғаға сатып жіберген.
Келтірілген материалдық шығын – 6 млн теңге.
Сонымен қатар анықталғандай, бұл азаматтың әрекеті осындай сипаттағы 5 эпизодтан тұрады. Әрбір жағдайда ол азаматтардың сенімін теріс пайдаланып, ірі көлемде пайда табуды көздеген.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктінің іс-әрекеттеріне заңға сәйкес баға беріліп, тиісті шара қабылданатын болады.