Оқиға

Астанада 7 жасар қызды өз атасы зорлаған

Бұл туралы адвокат Азамат Сағал мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Адвокаттың сөзінше,  күдікті қылмыс орнынан ізін суытқан. Дегенмен ол көп ұзамай ұсталып,  уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Астана қалалық полиция департаменті оқиғаға қатысты пікір білдірді.

«Жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Тергеу жүргізілуде»,- деп жазылған хабарламада.