Оқиға

Астанада 18 жастағы жігіт жоғалып кетті

Елорда маңындағы Қоянды ауылында 18 жастағы Әділет Оразбек із-түссіз жоғалып кетті, деп хабарлады Elorda.info.

Ол кешкі сағат 16:00 шамасында ауыл тұрғыны үйінен шығып, қайта оралмаған, деп жазады Polisia.kz.

Әділет Оразбекті іздеуге ПД бөлімшелері, Целиноград аудандық ПБ жеке құрамы, Астана қаласының ПД қызметкерлері кірісті.

Тәртіп сақшылары 18 жастағы жігіттің қайда жүргені туралы ақпарат болса, дереу 102 нөміріне қоңырау шалуын сұрайды.

-->

22 мамырда Әділеттің анасы баласын өз күшімен іздеуге тырысқан. Алайда нәтиже болмағасын полицияға хабарласты. Әйелдің айтуынша, ұлы сол күні сағат 19:00-де ұялы телефон арқылы қоңырау шалып, жақын арада үйіне келетінін айтқан. Бірақ 18 жастағы жігіт сол күйі келмеген. Әділеттің қайда жүргенін анықтау үшін полиция іздестіру шараларын жүргізді. Таныстары мен достарынан сұрастырды, - деп жазылған хабарламада.