Астана әуежайында орынсыз қалжыңдаған шетел азаматы 15 тәулікке қамалды
Астанада Түркия азаматы жалған ақпарат бергені үшін ұсталды, деп хабарлады Elordainfo.kz Көліктегі Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның Instagram желісінде жариялаған мәліметіне сүйенсек, Астана әуежайында 47 жастағы Түркия азаматы қалжыңдап, өзімен бірге тыйым салынған заттар бар екенін айтқан.
«Ақпарат расталмағанымен, бұл тіркеу процесін тоқтатып, жолаушыларды алаңдатты. Ер адам 15 тәулікке қамалды», - делінген хабарламада.
Полицейлер жолаушыларға қауіпсіздікке қатысты әзіл – жауапкершілікке әкелетін әрекет екенін ескертеді.