Оқиға

Астана тұрғыны терроризмді насихаттағаны үшін сотталды

Астана тұрғыны Telegram мессенджері арқылы терроризмді қолдауға бағытталған материалдар мен идеологияларды тарату үшін пайдаланған, сондай-ақ Сириядағы лаңкестік топқа қатысуға бағытталған әрекеттерді дайындаған, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Кінәлі адамды полиция қызметкерлері Алматы әуежайының аумағында Түркия арқылы Сирияға ұшуға дайындалу кезінде ұстады.

«Басты сот талқылауында сотталушы Telegram топтық чатында діни себептермен қарулы қақтығыстар туралы оң пікір айтқаны, сондай-ақ кәмелетке толмаған екі қызын лаңкестік топ мүшелеріне күйеуге беру үшін Сирияға баруды талқылағаны анықталды.

Мемлекеттік айыптаушы сотқа бұлтартпас дәлелдемелерді ұсына отырып, кінәлінің телекоммуникация желілерін пайдалана отырып, терроризімді насихаттау және террористік топтың әрекетіне қатысуға дайындалу ниетін дәлелдеді», - делінген Астана қаласы прокуратурасының ақпаратында.

Сот үкімімен кінәлі адамға 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Астана қаласының прокуратурасы террористiк топ құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысу, мүлкі тәркіленіп, 17 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына әкеп соғатынын, терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру, мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына әкеп соғатынын ескертеді.