Оқиға

Астана-Петропавл тас жолында үш адам қаза тапты

Ақмола облысындағы жол апатынан үш адам қаза болды. 3 тамыз күні «Астана — Петропавл» автожолының 243-ші шақырымда«Hyundai Elantra» және «ВАЗ-2107» автокөліктері соқтығысқан, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, «ВАЗ-2107» автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған.

Ал «Hyundai Elantra» көлігінің жүргізушісі мен төрт жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілген.

«Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды. Жол қозғалысының барлық қатысушыларынан жылдамдық режимін қатаң сақтауды, қашықтықты сақтауды, қарсы жолаққа шықпауды және қозғалысы қарқынды учаскелерде аса сақ болуды сұраймыз»,- делінген өңірлік полиция хабарламасында.