Оқиға

«АртСпорт» бағдарламасы:  Алаяқтық жасаған кәсіпкерге сот үкімі шықты

Ақмола облысында кәсіпкер мемлекеттік бағдарламаны бюджет қаражатын жымқыру үшін пайдаланған деп хабарлады Elorda.info.

Ақмола облысы прокуратурасының тексерісі барысында жалған секциялар мен үйірмелерді ашу, «өлі жандарды» рәсімдеу фактілері анықталған.   

 Прокуратура осы дәйек бойынша қылмыстық істі тіркеді, ол кейіннен сотқа жолданды.

Сот үкімімен аталған кәсіпкер ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі бойынша 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеуге сотталды. Мемлекетке келтірілген материалдық залал өтелді, шарт бұзылды.

-->

Ақмола облысы прокуратурасының тексерісі барысында жалған секциялар мен үйірмелерді ашу, «өлі жандарды» рәсімдеу фактілері анықталған.   

 Кәсіпкер Ерейментау қаласында үстел теннисі және шахмат бойынша секциялар, сондай-ақ домбыра мен би үйірмелерін ашқан. Сонымен қатар, домбыра және шахмат ойыны бойынша сабақтар іс жүзінде өткізілмеген. Ал қалған үйірмелерге қатысатын балалардың саны асыра көрсетілген. Ұрланған бюджет қаражатының жалпы сомасы 6 млн. теңгені құрады, деп жазды дереккөз.