Арнайы операция: Үш жүзге жуық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды
Ішкі істер министрлігі республика аумағында ТМД елдерімен бірлескен «Іздестіру» операциясын жүргізді, деп хабарлады Elorda.info. Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Екі күндік операция барысында республиканың криминалдық полиция қызметкерлері ауыр және аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін іздеуде жүрген қылмыскерлерді ұстау бойынша бірқатар арнайы іс-шаралар өткізді. Қабылданған шаралар нәтижесінде 283 іздеуде жүрген қылмыскер анықталды және ұсталды, оның ішінде кісі өлтіргені үшін – 8, денсаулығына ауыр зиян келтіргені үшін – 9, қарақшылық шабуылдар үшін – 3 және тонау жасағаны үшін – 5адам.
Олардың ішінде: республикадан тыс жерлерде – 20 (Ресейде – 10, Қырғызстанда – 4, Өзбекстанда – 3, Арменияда – 2, Молдова мен Түрікменстанда – 1 Сонымен қатар хабар-ошарсыз кеткен 62 адам табылды. Оның ішінде 8 кәмелетке толмағандар бар.
Таразда 2020 жылғы 9 маусымда Қарағанды қаласының дәмханаларының бірінде облыс тұрғынын өлтіруге оқталғаны үшін іздеуде жүрген Алматы облысының 2 тұрғыны ұсталды. Сондай-ақ аталған облыста 22 жастағы Өзбекстан азаматы ұсталды. Ол 2015 жылдың наурыз айында топпен Қырғызстанның Шу облысы Сокулук ауданының тұрғынының үйіне кіріп, дене күшін қолданып, тапаншамен қорқытып, үй иесінің 395 мың сом сомасында ақшасын иемденіп кеткен.
Сондай-ақ Алматы облысының Қарасай ауданында Өзбекстан Республикасының 34 жастағы азаматы ұсталды. Ол мамыр айынан бастап Самарқанд қаласында болған қарақшылық шабуыл үшін Өзбекстан ІІО-да іздеуде болған.
Ресейдің Томск қаласында осы жылдың тамыз айынан бастап Павлодар облысының ПД аса ірі мөлшерде есірткі сақтағаны үшін іздеуде жүрген 21 жастағы Павлодар облысының тұрғыны қолға түсті. Сондай-ақ, алаяқтық жасағаны үшін Жамбыл облысы ПД-да іздеуде жүрген 50 жастағы Қазақстан азаматы Бішкек қаласында ұсталды.
-->Екі күндік операция барысында республиканың криминалдық полиция қызметкерлері ауыр және аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін іздеуде жүрген қылмыскерлерді ұстау бойынша бірқатар арнайы іс-шаралар өткізді. Қабылданған шаралар нәтижесінде 283 іздеуде жүрген қылмыскер анықталды және ұсталды, оның ішінде кісі өлтіргені үшін – 8, денсаулығына ауыр зиян келтіргені үшін – 9, қарақшылық шабуылдар үшін – 3 және тонау жасағаны үшін – 5адам.
Олардың ішінде: республикадан тыс жерлерде – 20 (Ресейде – 10, Қырғызстанда – 4, Өзбекстанда – 3, Арменияда – 2, Молдова мен Түрікменстанда – 1 Сонымен қатар хабар-ошарсыз кеткен 62 адам табылды. Оның ішінде 8 кәмелетке толмағандар бар.
Мәселен, Астана қаласында қаланың криминалдық полиция қызметкерлері Өзбекстанның ІІМ жедел-іздестіру тобымен бірлесіп, 2019 жылғы қаңтарда Наманган облысында адамдар тобында балтамен қасақана кісі өлтіргені үшін іздеуде жүрген 29 жастағы Өзбекстан азаматын ұстады. Ақтөбеде 1999 жылдан бері Орынбор облысы бойынша Ресей ІІМ-де іздеуде жүрген 55 жастағы Ресей азаматы ұсталды. Ол Орынбор облысының 2 тұрғынымен бірге топтасып, бұрын жасалған мал ұрлығын жасыру мақсатында кісі өлтірген.
Таразда 2020 жылғы 9 маусымда Қарағанды қаласының дәмханаларының бірінде облыс тұрғынын өлтіруге оқталғаны үшін іздеуде жүрген Алматы облысының 2 тұрғыны ұсталды. Сондай-ақ аталған облыста 22 жастағы Өзбекстан азаматы ұсталды. Ол 2015 жылдың наурыз айында топпен Қырғызстанның Шу облысы Сокулук ауданының тұрғынының үйіне кіріп, дене күшін қолданып, тапаншамен қорқытып, үй иесінің 395 мың сом сомасында ақшасын иемденіп кеткен.
Сондай-ақ Алматы облысының Қарасай ауданында Өзбекстан Республикасының 34 жастағы азаматы ұсталды. Ол мамыр айынан бастап Самарқанд қаласында болған қарақшылық шабуыл үшін Өзбекстан ІІО-да іздеуде болған.
Қарағанды қаласында аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін Ташкент қаласының ІІББ іздеуде жүрген 33 жастағы Өзбекстан азаматы ұсталды Сонымен қатар шет елдердің аумағында ішкі істер органдарының қызметкерлері мемлекетіміздің құқық қорғау органдары іздеу жариялаған адамдарды ұстады. Мәселен, Түркия Республикасының Секе қаласында 2022 жылғы 28 наурызда Іле ауданы Байсерке кентінің маңында, Алматы – Қонаев тас жолында темекі өнімдерін тасымалдаған жүк көлігінің жүргізушісін өлтірумен ұштасқан қарақшылық шабуыл жасағаны үшін іздеуде жүрген Алматы облысының 40 жастағы тұрғыны ұсталды. Ресей Федерациясының Краснодар қаласында Павлодар облысының ПД 2008 жылғы қарашадан бастап іздеуде жүрген 42 жастағы қазақстандық Павлодар облысының Ақсу қаласының кәмелетке толмаған тұрғынын зорлағаны және өлтіргені үшін ұсталды.