Оқиға

Қарағандыда екі жұмысшы құдықты тазарту кезінде көз жұмды

Қайғылы оқиға «Қарағанды су» компаниясында болған, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, олар улы газға уланған. Қаза тапқандар – 29 және 46 жастағы жұмысшылар.

Полиция еңбекті қорғау ережелерінің бұзылуына қатысты қылмыстық іс қозғады. Сараптама тағайындалды.

Компания қаза тапқандардың қызмет бабында болғанын растады.

Қазір комиссия мен еңбек инспекциясы тексеріс жүргізіп жатыр.