Қарағандыда 17 адам өрттен құтқарылды
Қарағандыда Ермеков көшесіндегі тоғыз қабатты үйдің төртінші қабатындағы пәтерде өрт шығып, 17 адам құтқарылды, деп хабарлады Elordainfo.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, 19 қыркүйекте Қарағандыда Ә.Ермеков көшесі бойындағы 9 қабатты тұрғын үйдің 4-қабатындағы пәтерде тұрмыстық заттар мен қоқыстар өртенді.
ТЖД күштерінің жедел әрекеттерінің арқасында жанған заттардан тұншықпау үшін құтқару қалпақтарының көмегімен 17 адам, соның ішінде 7 бала құтқарылған.
Апаттар медицинасы орталығының шұғыл әрекет ету тобы оқиға орнында 2011 жылы туған зардап шеккен балаға шұғыл медициналық көмек көрсетті.