Қарағанды облысында жантүршігерлік жол апатынан бес адам қаза тапты
Қайғылы оқиға 9 қазан күні сағат 15.00 шамасында Осакаров ауданында орын алған, деп хабарлады Elorda.info.
Алдын ала болжам бойынша, «Қарағанды-Астана» тасжолында, Осакаров ауданынан 50 шақырым жерде «Ford Ranger» автокөлігінің жүргізушісі Қарағандыдан Астанаға қарай бағыт алып бара жатып, көлікті басқара алмай қалған. Ол жол жөндеп жатқан жұмыскерді соғып, кейін жол шетінде тұрған Камазға соғылған.
Жол-көлік оқиғасының салдарынан жұмыскер, «Ford Ranger» автокөлігінің жүргізушісі және сол көліктің үш жолаушысы оқиға орынында қайтыс болды.
-->Алдын ала болжам бойынша, «Қарағанды-Астана» тасжолында, Осакаров ауданынан 50 шақырым жерде «Ford Ranger» автокөлігінің жүргізушісі Қарағандыдан Астанаға қарай бағыт алып бара жатып, көлікті басқара алмай қалған. Ол жол жөндеп жатқан жұмыскерді соғып, кейін жол шетінде тұрған Камазға соғылған.
Жол-көлік оқиғасының салдарынан жұмыскер, «Ford Ranger» автокөлігінің жүргізушісі және сол көліктің үш жолаушысы оқиға орынында қайтыс болды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345 бабы 4 тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу әрекеттері жүргізілуде, -деді Қарағанды облысының ПД бастығының бірінші орынбасары Құрманғали Ысмағұлов.