Оқиға

Қарағанды облысындағы дала өрт сөндірілді

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Қатты екпінді жел мен өрттің ауқымды аумағына қарамастан, құтқарушылар өрттің 33 мың бас малы бар және 1,5 мыңнан астам адам тұратын 7 елді мекенге және 11 шаруа қожалығына таралуына жол бермей, қорғап қалды, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, ТЖМ құтқарушылар тобы өрттің Егіндібұлақ ауылы ауданындағы жылқы шаруашылығының орман қорының аумағына таралуына жол бермеді.

Айта кетейік, дала өртінің ауданы анықталуда.