Оқиға

Қарағанды облысында ұшақ апатынан екі адам мерт болды

Қарағанды облысында ұшақ апатты жағдайға ұшырап, нәтижесінде екі адам қаза тапты, деп хабарлады Elorda.info азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

 Көлік министрлігінің оқиғаны тергеу департаменті осы факті бойынша тергеуді бастады. Авиациялық оқиға жергілікті уақыт бойынша сағат 08:44-те Қарағанды облысы Доскей ауылынан 5 шақырым жерде болды. 

-->

"2023 жылғы 30 қыркүйекте Қарағанды облысының Балапан алаңында оқу-жаттығу ұшуы кезінде P2002 типті UPLA286 ұшағы әуеге көтерілгеннен кейін байланысқа шықпады. Іздеу кезінде қираған әуе кемесі табылды. Екі адам қаза тапты", - делінген ведомствоның ресми Telegram каналында.

 Көлік министрлігінің оқиғаны тергеу департаменті осы факті бойынша тергеуді бастады. Авиациялық оқиға жергілікті уақыт бойынша сағат 08:44-те Қарағанды облысы Доскей ауылынан 5 шақырым жерде болды.