Қарағанды облысында өрт шыққан шахтадан үшінші кеншінің денесі табылды
Қазіргі уақытта марқұмның жеке басын анықтау жүргізілуде, деп хабарлады Elorda.info
Қайғылы хабар туралы «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы хабарлады.
Компания таратқан хабарламада қаза тапқан кеншілердің отбасыларына жан-жақты қолдау көрсетіліп жатқандығы жазылған.
Айта кетейік, кеше орын алған оқыс оқиғадан бұған дейін де екі кенші қайтыс болған еді.
-->Қайғылы хабар туралы «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы хабарлады.
Үшінші кеншінің денесі табылды. Қазіргі уақытта анықтау жүргізілуде. Марқұмның әріптестері, компанияның бүкіл ұжымы мезгілсіз қайтыс болған жолдастың туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады,-деп жазды компанияның ресми сайты.
Компания таратқан хабарламада қаза тапқан кеншілердің отбасыларына жан-жақты қолдау көрсетіліп жатқандығы жазылған.
Көмекке мыналар кіреді: жерлеуге байланысты шығындарды жабу; қайтыс болған жұмысшылардың он жылдық жалақысы мөлшерінде отбасына біржолғы төлем; 18 жасқа дейінгі әрбір балаға ай сайынғы сақтандыру төлемі (бала студент болса, 23 жасқа дейін); 23 жасқа толмаған балалардың алғашқы күндізгі оқу нысанындағы оқуына және оған байланысты барлық шығыстарға ақы төлеу; жоқ адамдарға тұрғын үй сатып алу немесе ол үшін біржолғы өтемақы; қолданыстағы тұрғын үйді жөндеуге ақы төлеу; ипотекалық төлемдердің белгілі бір бөлігін жабу; серіктестік кәсіпорындарында әйелдер мен балаларды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу; әйелдер мен балаларға арналған санаторийлер мен балалар лагерлеріне жыл сайынғы жолдамалар,- делінген ақпаратта.
Айта кетейік, кеше орын алған оқыс оқиғадан бұған дейін де екі кенші қайтыс болған еді.