Қарағанды облысында пойыз жеңіл көлікке соғылып, үш адам көз жұмды
Қарағанды облысында пойыз жеңіл көлікке соғылып, салдарынан үш адам көз жұмды, деп хабарлады Elordainfo.kz «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға 2025 жылдың 17 қыркүйегінде сағат 00:54-те «Ақадыр – Қарағанды» учаскесінің Жарық-Дария аралығындағы күзетілмейтін реттелетін теміржол өткелінде болған. Жолаушылар пойызы 92 км/сағ жылдамдықпен жүріп келе жатқан.
«Mazda маркалы жеңіл автокөліктің жолға шығуына байланысты пойыз машинисі шұғыл тежеуді қолданғанмен, соқтығысудын алдын алу мүмкін болмады. Автокөлік жүргізушісі мен екі жолаушы ауыр жарақаттан көз жұмды. Оқиға туралы ақпарат құқық қорғау органдарына берілді», - дейді компаниядағылар.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, жол қозғалысының барлық қатысушысын теміржол өткелдерінде жүру ережелерін қатаң сақтауға шақырды.