Қарағанды облысында мал ұрлығымен айналысқан топ ұсталды
Мал иелерінің әрқайсысына 600 мың теңге шығын келтірілген, деп хабарлады Elorda.info.
Жедел әзірлеменің нәтижесінде полиция қызметкерлері мал ұрлығымен айналысқан топтың ізіне түсті. 19 бен 21 жас аралығындағы алты жігіт оңай олжа үшін осындай қылмысқа барған. Ұрланған түліктің етін сатып, түскен ақшаны өзара бөліскен.
-->Жедел әзірлеменің нәтижесінде полиция қызметкерлері мал ұрлығымен айналысқан топтың ізіне түсті. 19 бен 21 жас аралығындағы алты жігіт оңай олжа үшін осындай қылмысқа барған. Ұрланған түліктің етін сатып, түскен ақшаны өзара бөліскен.
Күдіктілердің үйінен тәртіп сақшылары мал терісі мен бір тірі қойды тәркіледі. Төрт адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазіргі уақытта топ мүшелерінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде, тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, - делінген хабарламада.