Қарағанды облысында екі жасар бала пойыз астына түсті
Оқыс оқиға 1 маусым «Қарағанды — Ақадыр» теміржол учаскесінің «Қарағанөзек — Қарабас» аралығында болды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының мәліметінше, екі жасар баланың теміржол жолына шығып кетуіне байланысты жүк пойызының машинисі шұғыл тежегіш қолданған.
«Зардап шеккен баланы ата-анасы Қарағанды қалалық балалар ауруханасына жеткізді. Оқиғадан кейін ақпарат «Қарағанды-Сортировочная» стансасындағы желілік полиция бөлімшесіне берілді», - делінген хабарламада.