Оқиға

Қарағанды облысында 19 көліктің қатысуымен жол апаты болды

Екатерибург-Алматы автожолында ірі жол апаты болды. Оқиға орнында төтеншеліктер мен жедел жәрдем бригадасы жұмыс істеп жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Бүгін таңертең Екатерибург-Алматы автожолының қайта жаңарту учаскесінде (Қарағанды-Балқаш, 1492-1855 шақырым) Балқаштан Қарағанды қаласына көлік қозғалысы ашылған.

Ауа райының жақсаруына және көліктердің жиналып қалуына байланысты осындай шешім қабылданып, Қарағанды облыстық полиция департаментінің және ҚазАвтоЖол қызметкерлерінің сүйемелдеуімен қозғалыс ұйымдастырылды.

«Осы учаскенің 1630 шақырымында сағат 12:30-да 19 жеңіл көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. Оқиға орнында ТЖМ қызметкерлері және жедел жәрдем қызметі жұмыс істеп жатыр. Атап өту керек, бұл жол-көлік оқиғасына қатысушылар колонналық қозғалысқа қатыспаған», - делінген «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ хабарламасында.