Қарағанды қаласында зейнеткердің 3,5 млн теңгесін ұрлаған күдікті ұсталды
Ресми мәліметке сәйкес, күдікті үш жыл бойы 72 жастағы қарағандылықтың банк картасынан жасырын түрде ақша алып келген, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz сілтеме жасап.
Қарағанды қаласының 72 жастағы тұрғыны оның шотынан белгісіз біреу 3,5 миллион теңге ақша ұрлағанын айтып, полицияға шұғыл түрде хабарласқан.
Тергеу жұмыстарының барысында полиция қызметкерлері зейнеткердің банк картасын 48 жастағы азаматшаның қолданатынын анықтады. Ол азаматша үш жыл көлемінде жәбірленуші зейнеткердің асын дайындап, үйін жинап, дүкеннен азық-түлігін әкеліп отырған. Сол уақытта азаматша зейнеткердің банк картасынан жасырын түрде ақша шешіп отырған.
Сондай-ақ, зейнеткер өзіне банк картасы қажет болғанда картаның көмекшіде болғанын анықтаған. Сол кезде жәбірленуші азамат күдіктінің 3,5 млн теңгені қолды қылғанын сезген.
Тәртіп сақшылары күдіктіні ұстады. Ол зейнеткердің сеніміне кіріп, ақшаны қолды қылғаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді.
Аталған дерек бойынша, Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
-->Қарағанды қаласының 72 жастағы тұрғыны оның шотынан белгісіз біреу 3,5 миллион теңге ақша ұрлағанын айтып, полицияға шұғыл түрде хабарласқан.