Оқиға

Алматылықтарға жер сілкінісі туралы хабарлама келді: ТЖМ пікір білдірді

Бүгін, 21 қыркүйекте 16:25 шамасында алматылықтарға жер сілкінісі туралы хабарлама келді. Алайда тұрғындар жер сілкінісін мүлдем сезбегендерін айтып жатты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Назар аударыңыз! Жер сілкінісі! Қауіпсіз жерлерді паналаңыз. Дүмпулер аяқталғаннан кейін ғимараттардан қауіпсіз қашықтыққа эвакуацияланыңыз! Уәкілетті органдардың нұсқауларын мұқият қадағалаңыз. Қосымша ақпарат Төтенше жағдайлар департаменті мен Алматы қаласы әкімдігінің сайттары мен әлеуметтік желілерінде», - делінген хабарламада.

Telegram-каналдардың хабарлауынша, бұл жағдай жергілікті халықтың үрейін тудырып, сауда орталықтарындағы тұрғындарды эвакуациялап бастады.

ТЖМ көп күттірмей пікір білдіріп, жер сілкінісі болғанын растады.

Ведомствоның хабарлауынша, 21 қыркүйекте Астана уақыты бойынша сағат 16:25-те жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 9 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан.

«Жер сілкінісі сезілмеді. Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ», - делінген министрлік хабарламасында.

Кейін ТЖД бастығы жер сілкінісінен кейін алматылықтарға видеоүндеу жасады. 

Қалалық ТЖД бастығының уақытша қыметін атқарушы Дамир Ермағамбетов алматылықтарды сабыр сақтауға шақырып, алаңдауға негіз жоқ екенін жеткізді.

Жағдай ТЖД бақылауында. Сейсмологтардың ақпараты бойынша, афтершоктар болмайды, - деді Ермағамбетов.