Оқиға

Алматылық танысу сайтында қызбен танысамын деп, басы бәлеге қалды

Алматыда ғаламтор арқылы ер адамдармен танысып, кейін оларды жалдамалы пәтерге апарып тонаумен айналысқан топ ұсталды, деп хабарлады Elordainfo.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Алаяқтардың әрекет ету схемасы бірдей. Жігіттер мен қыздар сайт арқылы танысып, кездесуге шақырады. Пәтерге барғанда бойжеткендердің сыбайласы жігіттерге шабуыл жасап, ақша мен бағалы заттарын тартып алатын болған.

Қазір полиция осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 3 адамды қолға түсірді. Департамент өкілдері тұрғындарға желіде танысқанда сақ болуды сұрайды.