Алматылық ер адам полицияның қызметтік көлігінде өзіне қол салды
Алматыда көлік ұрлап қолға түскен күдікті ер адам полицейлердің қызметтік машинасында өзіне қол салды, деп хабарлады Elorda.info.
Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі ақпаратты растады.
Оқиға қаланың Жетісу ауданында болды. Ер адам тергеу тобының көлігінде өз-өзіне қол салған.
-->Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі ақпаратты растады.
Оқиға қаланың Жетісу ауданында болды. Ер адам тергеу тобының көлігінде өз-өзіне қол салған.
Қайтыс болған 43 жастағы И. есімді азамат өзінің танысының «Тойота» автокөлігін ұрлады деген күдікпен ұсталған. Сараптама қорытындысына сәйкес, марқұм мас болған. Мән-жайлар анықталуда, - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.