Алматыдан 742 шақырым қашықта жер сілкінді
Сейсмологиялық зерттеу институтының сейсмикалық станциялар желісі бүгін Астана уақытымен 08:24-те жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 742 км жерде орналасқан.
Жер дүмпуінің сезілуі Түркістан облысының Мақтаарал ауданы Атакент ауылында 2 балл болды. Жер сілкінісінен зардап шеккендер жоқ, - делінген ТЖМ хабарламасында.