Алматыда жер сілкінісі тіркелді
Алматы қаласында 2 балдық жер дүмпуі болды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«ҚР ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 17 қазан Астана уақытымен 03 сағат 23 минутта жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Қытай аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 264 км жерде орналасқан», - деп атап өтті қалалық ТЖД.
Зардап шеккендер мен бүлінген ғимараттар туралы ақпарат жоқ.