Алматыда жер сілкінісі тіркелді
Алматыда екі балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлады Elordainfo.kz ТЖМ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, ҚР ТЖМ «СБЗҰОҒ» ЖШС сейсмостанциялар желісі 2 қыркүйекте сағат 12:58-де жер сілкінісін тіркеген.
Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 319 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің координаттары: 40.782 º с.е., 78.865 º ш. б.
Тереңдігі – 5 шақырым.
Жер сілкінісінің магнитудасы – MPV 5.7.
Энергетикалық класы – 12.3.
Қарқындылығы - 2 балл.