Алматыда жарты жыл бұрын жоғалып кеткен қыз бен жігіт аман-есен табылды
Былтыр күзде Алматыда жоғалып кеткен қыз бен жігіт аман-есен табылды. Бұл туралы LIDER.KZ еріктілері мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
2007 жылы туған Лағыл Бұланбаева мен 2002 жылы туған Айбек Базарбаев 2024 жылы 24 қыркүйекте жоғалып кеткен. Таңғы сағат 6-да жігіт пен қыз Еңбекшіқазақ ауданы, Кировец ауылы, 14-жол көшесі, 1-үй мекенжайынан бірге шығып кеткен.
Еріктілердің мәліметінше, жоғалғандар 21 ақпанда табылған. Осы уақыт ішінде жастардың қайда болғаны нақтыланбаған.