Алматыда пойыз үстіне шығып кеткен бала токқа түсті
Оқиға 19 шілдеде сағат 18:55-те Алматы-2 станциясында болған, деп хабарлады Elordainfo.kz.
ҚТЖ мәліметінше, жасөспірім өз еркімен пойыз төбесіне шығып кеткен.
Оқиға орын алған жерге жедел медициналық көмек бригадасы келді. Жасөспірім тірі, оған медициналық көмек көрсетілді,- делінген хабарламада.
Оқиға бойынша қызметтік тергеу жүргізілуде.