Алматыда полицейлер бір тоннадан астам есірткі тәркіледі
Бұл туралы Алматы қалалық есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімі мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
2024 жылы қалада заңсыз айналымнан 1 тоннадан астам есірткі, оның ішінде 117 келіден астам «синтетика» тәркіленген.
Есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысты барлығы 760 құқық бұзушылық анықталып, шөп сатудың 275 дерегінің жолы кесілді. 23 зертхана жойылды, 2 есірткі қоймасы анықталды, 105 есірткі бетбелгісін қоюшы ұсталды. Сонымен қатар жұртшылықпен бірлесіп, есірткі жарнамасы бар 12 мың 200 граффити суреті анықталды және сырланды, - делінген хабарламада.
Есірткі сататын 623 интернет-ресурс бұғатталды.