Оқиға

Алматыда қоғамдық көлік жүргізушісін қорқытқан бұзақы ұсталды

Бұл оқиға әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында анықталды, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Куәгерлердің видеосында ер адамның әуелі автобустың есігін теуіп, сосын пышақ сияқты көрінген затты сілтеп, жүргізушіні қорқытқаны көрінеді.

«Оқиға таңертең ерте Назарбаев пен Райымбек даңғылдарының қиылысындағы қоғамдық көліктердің соңғы аялдамасында болғаны анықталды. Осы қылмысты ашу және оның объективті мән-жайын анықтау үшін қаланың бейнебақылау жүйелеріне талдау жүргізіліп, нәтижесінде қылмысқа қатысы бар адам анықталды. Ол ұсталып, уақытша ұстау изоляторына орналастырылды. Бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында күдікті мен автобус жүргізушісі арасындағы кикілжің аялдама орнында тұрған көлікке өтіп бара жатқан адамның міну ниетінен туындағаны белгілі болды. Жүргізуші оған ескерту айтты, ал өтіп бара жатқан адам құрылыс пышағын шығарған. Ешкім зардап шеккен жоқ», – деді Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов.