Оқиға

Алматыда ірі жол-көлік апаты болып, 23 адам зардап шекті

Кеше кешке Алматы қаласының Алатау ауданында жүк көлігі, жеңіл автомобильдер мен жолаушылар автобусының қатысуымен ірі жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды  Elordainfo.kz.

Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, апат Алатау ауданында сағат 18:10 шамасында болған. МАЗ маркалы автокөліктің жүргізушісі Бурундай тас жолымен шығыс бағытта келе жатып, рульді басқара алмады, нәтижесінде Mercedes және KIA автомобильдерімен соқтығысты.

Осыдан кейін жүк көлігі қарсы жолаққа шықты, онда тағы бір апат болды, Yutong маркалы автобуспен және Subaru көлігі соқтығысты.

"Осы ЖКО салдарынан 23 адам зардап шекті, оның ішінде автобус жолаушылары мен Kia Sportage автомашинасының жүргізушісі", — деп хабарлады Алматы қаласының ПД.

Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша тергеу басталды.