Алматыда ер адам әйелін өлтіріп, соңынан өз өмірін қиды
Полиция Алматы қаласында «Думан» шағын ауданындағы үйлердің бірінің пәтерінен пышақ жарақаты салынған 1987 жылы туған әйелдің денесін табылғанын растады. Мәйітті отбасының туысы тапқан, деп хабарлады Elordainfo.kz.
1985 жылы туған марқұмның күйеуі болған оқиғадан кейін Алматы облысындағы ағасына барып, кісі өлтіргені туралы хабарлап, содан кейін өз-өзіне қол жұмсаған.
Ақпаратты Алматы полициясы растады.
«Кісі өлтіру дерегі бойынша Медеу аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады.
Алдын ала белгілі болғандай, қылмыс отбасылық жанжал негізінде жасалған: ер адам жұбайына пышақ жарақатын салған.
Кейін ол өзіне қол жұмсаған.
Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталып жатыр», - деп жазылған Алматы қалалық полиция Департаменті Баспасөз қызметі берген ақпаратта.