Оқиға

Алматыда автобус жаяу жүргіншіні қағып өлтірді

Бүгін таңертең Алматы қаласының Жетісу ауданында автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Оқиға салдарынан 1957 жылы туған әйел адам оқиға орнында көз жұмды.

Жергілікті полиция қызметінің кезекші бөлімінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы шамамен таңғы сағат 10:00-де болған.

«Yutong маркалы автобустың жүргізушісі Макатаев көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, Айнабұлақ шағынауданында Жұмабаев көшесімен қиылысқан тұста оңға бұрылу кезінде жаяу жүргіншіні қағып кеткен»,- делінген полиция хабарламасында.

Аталған дерек бойынша Алматы қаласы Полиция департаментінің Анықтау басқармасы адам өліміне алып келген жол-көлік оқиғасы негізінде қылмыстық іс қозғады.

Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды.