Оқиға

Алматыда аудан әкімінің орынбасары пара алу үстінде ұсталды

Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің орынбасары ірі көлемде пара алу бойынша күдікті ретінде қамауға алынды, деп хабарлады  Elorda.info

Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Жетісу ауданы әкімінің орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Тергеу сотының санкциясымен күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасуда.

-->

Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Жетісу ауданы әкімінің орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Ол жергілікті кәсіпкерлерден 14 миллион теңге көлемінде пара алу бойынша күдікті. Сома мемлекеттік сатып алу шарттарын жасасуға, орындалған жұмыстар актілеріне қол қоюға және жалпы қамқорлыққа алуға жәрдемдесуге арналған,- деп жазды дереккөз. 

Тергеу сотының санкциясымен күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасуда.