Оқиға

Алматыда ақша бопсалаған блогерлер ұсталды

Алматыда қала тұрғынынан қомақты қаржы бопсалаған кәсіпкер мен екі блогер ұсталды, деп хабарлады Elordainfo.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Күдіктілер әлеуметтік желіде компромат жариялаймыз деп қоқан-лоққы көрсетіп, жәбірленушіден 8 миллион теңге бопсалаған. Сондай-ақ олар сот шешімімен кәсіпкер төлеуге міндеттелген 20 миллион теңгені талап етуден бас тартуға көндірмек болған.

«Қаскөйлер 10 миллион теңге алып жатқан жерінде ұсталды. ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бопсалау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды», - делінген polisia.kz хабарламасында.