Алматыда 6 көлік соқтығысып, 5 адам зардап шекті
Алматының әл-Фараби даңғылында ірі жол апаты болып, бірнеше көлік соқтығысты, деп хабарлады Elordainfo.kz қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол апаты 31 қазан күні шамамен сағат 22:50 кезінде Бостандық ауданында болған.

BMW маркілі көлігінің жүргізушісі әл-Фараби даңғылымен шығысқа қарай кетіп бара жатып, жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, алты көлікпен соқтығысқан.
«Жол апаты салдарынан бес адам медциналық көмекке жүгінді. Апаттың мән-жайын Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері анықтап жатыр», - деп хабарлады Алаты қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.