Алматыда 3 балдық жер сілкінісі болды
Алдын ала мәлімет бойынша, Алматыда сағат 10:16-да жер сілкінісі болған, деп хаюарлайды Elorda.info.
Жер сілкінісінің эпицентрі Қытай аумағында (Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 261 км жерде) орналасқан. MSK-64 шкаласы бойынша тұрғындарға 3 балдық дүмпу сезілген. Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық станцияларының желісіндегі ақпарат өңделуде. Эпицентр мен сезгіштігі туралы мәлімет нақтылануда.
-->Жер сілкінісінің эпицентрі Қытай аумағында (Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 261 км жерде) орналасқан. MSK-64 шкаласы бойынша тұрғындарға 3 балдық дүмпу сезілген. Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық станцияларының желісіндегі ақпарат өңделуде. Эпицентр мен сезгіштігі туралы мәлімет нақтылануда.
Өзара іс-қимыл алгоритміне сәйкес, тиісті мемлекеттік органдарға хабарланды. Полиция департаментінің жедел кезекшісіне ақпарат жеткізілді. Қаланың ғимараттары мен құрылыстары және тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің қалыпты жұмыс істеуіне мониторинг жүргізілуде, - деп хабарланды ведомствада.