Алматы облысында теміржол бойында мәйіт табылды
7 мамыр күні сағат 20.52-де Қайрат-Байсерке аралығында (Сарыөзек-Алматы учаскесі) жүк пойызы бөгде адамның темір жолға шығып кетуіне байланысты шұғыл тежеуді қолданды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының мәліметінше, оқиға орнында жансыз адамның денесі табылған.
«Оқиға орнына полиция келіп, тергеу жүргізілуде. Оқиға құқық қорғау органдарымен бірлесіп белгіленген тәртіппен тексерілуде»,- деп жазылған хабарламада.