Алматы облысында тауға шыққан 2 жасөспірім құтқарылды
Үлкен Алматы шыңына шығып, өз бетінше түсе алмай қалған жасөспірімдер құтқарылды, деп хабарлады Elorda.info.
Республикалық жедел-құтқару жасағының қызметкерлері Алматы қаласының құтқару қызметімен бірлесіп тауға шығып, адасып кеткен екі жас туристі тауып, төмен түсірді.
ТЖМ таудағы қауіпсіздік шараларын сақтауды еске салады.
Осыған дейін Алматы облысының тауларында 2600 метр биіктікке шығып, өз бетінше түсе алмай қалған 16 жастағы жасөспірім құтқарылғаны туралы жазған едік.
-->Республикалық жедел-құтқару жасағының қызметкерлері Алматы қаласының құтқару қызметімен бірлесіп тауға шығып, адасып кеткен екі жас туристі тауып, төмен түсірді.
«Жасөсіпірімдер – 14 және 16 жаста. Олар демалу үшін тауға көтеріліп, адасып, өздігінен түсе алмай «112» нөміріне хабарласып, көмекке жүгінді. Туристерге медициналық көмек қажет болмады», - делінген ТЖМ хабарламасында.