Оқиға

Алматы облысында мешіт өртенді

Алматы облысы Еңбекші ауылының Асыл ата мешітінде өрт шықты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Оқиға 2025 жылғы 10 ақпан күні таңертең болған. 50 шаршы метр алаңдағы мешітте жиһаз және шаруашылық заттар өртенген.  Өрттің шығу себептері әлі анықталмады.

ТЖМ қызметкерлері өртті сөндірді. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Еске салсақ, 9 ақпанда Астанада жеке тұрғын үйдің шатыры жанған болатын.