Оқиға

Алматы облысында автогаз құю бекеті отқа оранды

Оқиға Еңбекшіқазақ ауданы, Саймасай ауылы, Рысбеков көшесі 1а мекен-жайы бойынша орналасқан  газ құю бекетінде болған, деп хабарлады Elorda.

Өрт кеше кешкісін шамаен сағат  17:50-де басталған.  Алғашында газ баллоны жанып, аумағында орналасқан сақтау және сату үшін арналған контейнерлік үлгідегі қоймаға көшкен. Газ баллондарының жаппай жануы (шамамен 40 дана) және жоғары температураның пайда болуының нәтижесінде тілсіз жау қойманың жанында орналасқан газбен толтырылған 3 текше метрлік "ЗИЛ" маркалы газ құю машинасына ауысқан. 

Өрт орнына жоғары шығу дәрежесі бойынша шығу кестесіне сәйкес бөлімшелер жіберілді. Өрт сағат 18:28-де оқшауланып, сағат 18:45-те толығымен жойылды.

Өрт салдарынан газ құю станциясының 2 қызметкері әртүрлі дәрежеде күйік алып, жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.

-->

Сонымен қатар, қоймада әртүрлі сыйымдылықтағы шамамен 260-300 дана газ баллондары болған. Сондай-ақ, қойманың жанында газбен толтырылған 4 текше метрлік жерасты қоймасы орналасқан. Оқиға орнынан 30 метр қашықтықта орналасқан тұрғын үй алабына жарылыс және өрт таралудың жоғары қаупі болды. Оқиға орнына алғашқы бөлімшелер келгеннен кейін жедел іс-әрекет нәтижесінде газ құятын автомобильдің, газы бар жерасты қоймасының, сондай-ақ қоймадағы қалған баллондардың жарылу қаупі алдын алынды,-делінген Төтенше жағдай министрлігі таратқан мәліметте.