Алматы облысында екі бала әжетхана шұңқырына түсіп кеткен
28 шілдеде Алматы облысында құтқарушылар әжетхана шұңқырына түсіп кеткен екі баланы құтқарды, деп хабарлады Elorda.info.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, алдымен әжетханаға 3 жасар ұл бала түсіп кеткен. Әкесі өз бетінше балаларды алып шықпақ болыпты. Алайда қолынан келмеген соң құтқарушыларға жүгінген.
Қоңырау түске соң Алматы облысы ТЖД қызметкерлері дереу өрт сөндіру бөлімінен 8 км қашықтықтағы оқиға орнына барған.
Оқиға орнына келгеннен кейін 2020 жылы туған бала қазылған шұңқырға (дәретханаға) құлап, әкесі оны құтқару үшін арқанның көмегімен 2013 жылы туған қызын қазылған шұңқырға түсіргені, бірақ өз бетінше екі баланы көтеріп шығара алмағаны анықталған.
3 құтқарушы техника күшімен сағат 18.54-те балалар қазылған шұңқырдан көтеріп шығарып, жедел медициналық жәрдем бригадасы алғашқы медициналық көмек көрсетті.
-->Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, алдымен әжетханаға 3 жасар ұл бала түсіп кеткен. Әкесі өз бетінше балаларды алып шықпақ болыпты. Алайда қолынан келмеген соң құтқарушыларға жүгінген.