Оқиға

Алматы облысында 11 жастағы баланы найзағай соқты

Алматы облыстық балалар клиникалық ауруханасына 11 жастағы найзағайдан жарақат алған бала түсті, деп хабарлады Elorda.info.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, найзағай соққысынан баланың арқасы, белі және сол аяғының төменгі жағы күйіп қалған.

Дәрігерлер шілде-тамыз айларында найзағай жерге жиі соғатынын ескертіп, ата-аналарды балаларына сақ болуға шақырады. 

-->

31 шілде күні жедел жәрдем көлігімен 11 жастағы найзағай соққысынан жарақат алған бала түсті. Ауруханаға түскен кезде пациенттің жағдайы орташа ауырлықта болды. Оның арқасын, бел аймағын және сол жақ аяғының төменгі жағын термиялық күйік шалған. Балаға шұғыл көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта бала травматология бөлімінде ем қабылдап жатыр, - деді аурухана директорының орынбасары Қалиев Асқар Сәулебекұлы.