Оқиға

Алма-Арасан шатқалында тас құлап, бойжеткен қаза тапты

2 мамыр күні Алматыдығы Алма-Арасан шатқалында таудан тас құлады. Ол кезде зардап шеккендер жоқ деп хабарланған еді, деп хабарлады Elordainfo.kz 

Almaty News Telegram арнасының мәліметінше, оқиға салдарынан бойжеткен қыз қаза тапқан. 

Алматы қалалық полиция департаменті бұл деректі растады.

«Аталған дерек бойынша Медеу аудандық полиция Басқармасы тексеру жүргізіп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», - делінген хабарламада.