Оқиға

Алаяқтық жасады деген күдікті Грузиядан экстрадицияланды

ҚР Бас прокуратурасы мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Қазақстанның Грузиядағы елшілігінің көмегімен бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін Қазақстан азаматын қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Тбилисиден экстрадициялады, деп хабарлады Elordainfo.kz.  

«2020 жылы аталған тұлға адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен субсидия алуға көмек көрсету сылтауымен Ұлытау облысының 88 тұрғынының қаражатын иемденіп, жалпы сомасы 30 миллион теңгеден астам шығын келтірген.

Екі сыбайласы әртүрлі жазаға тартылды, ал күдікті қылмыс жасағаннан кейін жасырынған, сондықтан ол халықаралық іздеуге жарияланды», - делінген хабарламада.

2024 жылы ол Грузия аумағында анықталып, ҚР Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша отанына экстрадицияланды.

Қазір күдікті Ақтау қаласының тергеу изоляторына қамауға алынды.  

Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.