Оқиға

Алакөлде жағаға жете алмай қалған екі адам құтқарылды

Бүгін Алакөл көлінде ТЖМ қызметкерлері патрульдеу барысында катамараны сынған екі демалушыны байқады. Олар катамаранда пайда болған тесіктің салдарынан здігінен жағаға жете алмаған, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Құтқарушылардың жедел әрекет етуінің нәтижесінде екі адам жағаға жеткізілді. Ешкім зардап шеккен жоқ.

«Судағы күнделікті патрульдер - демалушылардың қауіпсіздігінің кепілі. Құтқарушылар суда қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тәулік бойы қызмет атқаруды жалғастыруда»,- делінген ТЖМ хабарламасында.