Ақтауда бетін тұмшалап, автоматпен жүрген қыздар елді шошытты
Маңғыстау облысында ниқаб киген екі қыздың ойыншық автоматтармен жүрген бейнежазбасыны желіде қызу талқыланды, деп хабарлады Elorda.info.
Белгілі болғандай, 26 шілдеде сағат 22:30 шамасында Ақтау қаласының 15 жасар тұрғыны өзінің 17 жастағы досымен балалар саябағында ойыншық автоматтармен жүргенін видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген.
-->

«Жасөспірімдердің заңды өкілдері кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз үйден тыс болуы, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Профилактикалық әңгіме жүргізілді, қыздар профилактикалық есепке қойылды», - деп хабарлады полиция департаменті.