Академик Төрегелді Шарманов дүниеден өтті
Қазақ КСР денсаулық сақтау министрлерінің бірі болған, Қазақ тағамтану академиясының негізін қалаушы, отандық медицинаның мақтанышы Төрегелді Шарманов дүниеден өтті, деп хабарлады Elorda.info ҚазҰМУ-ға сілтеме жасап.
Төрегелді Шарманов әлеуметтік-гуманитарлық саладағы үздік жетістіктері және денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан зор үлесі үшін марапатталған "Еңбек ері" атағының иегері болды.
Ол 12 жыл бойы Денсаулық сақтау министрлігін басқарып, алғашқы медициналық-санитарлық көмектің теңдесі жоқ жүйесін құрды.
2005 жылы академик Шармановқа Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жоғары дәрежесі – Леон Бернард сыйлығы берілді. Ол сыйлықты бүкіл әлем тарихында небәрі 29 адам алған.
-->Қазақ медицинасының мақтанышы, әлемдік денсаулық сақтау саласының аңыз адамы, академик Төрегелді Шарманов өмірден өтті, - деп жазылған хабарламада.